Шыңғысбаев Лескен Сейдиғалымұлы 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
тарих, этнология және археология факультетін үздік бітірді. 2003–2005 жылдары әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінде магистратурада оқыды. 2008 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-
ды «Юриспруденция» мамандығы бойынша тәмамдады.
2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде қызмет атқарып
келеді. 2005–2007 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қазақстанның көне және ортағасыр
тарихы кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. 2012–2018 жылдары С.Д. Асфендияров атындағы
ҚазҰМУ-дың жалпы білім беру пәндері кафедрасында аға оқытушы, студенттердің әлеуметтік-мәдени
дамуы департаментінің директоры, жастар саясаты басқармасының жетекшісі қызметтерін атқарды.
2020–2023 жылдары Алматы қаласы Дін істері басқармасының КММ «Діндерді зерттеу орталығы» бас
маман, басшының орынбасары болып жұмыс істеді. 2018–2021 жылдары әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-дың «Саясаттану» мамандығы бойынша докторантурада білім алды.
2019–2025 оқу жылдары аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану
факультетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып
еңбек етуде.
Шыңғысбаев Л.С. бакалавриат деңгейінде «Саясаттану», «Этносаясат», «Терроризм мен
экстремизмге қарсы іс-қимылдың саяси технологиялары» пәндері бойынша дәрістер мен арнайы
курстар циклын жүргізеді. Университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады, саясаттану және
саяси технологиялар кафедрасының аға кураторы болып табылады. «Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медалімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Алматы
қаласы әкімдігінің, Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының, Алматы қаласы Дін істері
басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған.